Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Оқушылар енді алты күн оқи ма?

Танымал

Ел аузында

1 қыркүйектен бастап мектептер бес күндік оқу аптасымен бұрынғы форматта жұмысын жалғастырады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, оқушылар бес күндік жоспарлы бағдарламаға үлгерсе, алты күндікке көшірілмейді.

«Осы уақытқа дейін бес күн оқыған мектептер бес күн оқи береді. Неліктен оны алып тастау керек? Мектепте аптасына бес күн бойы барлық пән өткізілсе, алып тасталмайды (бес күндік – еск.)», – деді Бейсембаев Үкімет кулуарында.

Бірақ қосымша жүктемесі бар үш ауысымды мектептер сенбіде де жұмыс істеуі мүмкін.

«Жыл сайын осындай мектептер (үш ауысымды – еск.) болады, олардың санын білеміз. Олар солай жұмыс істеді және солай жұмысын жалғастырады», – деді оқу-ағарту министрі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда соңғы қоңырау қайта 25 мамырда өтетіні хабарланған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...