Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

2 градусқа дейін аяз, қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер 19-21 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай соғып, екпінді жел, бұршақ аралас жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жауын-шашын болады деп болжанады. 20-21 қыркүйекте батыс антициклон сілемінің арқасында Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысы жауын-шашынсыз, ауа райы ашық болады. Елдің батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

«Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы түнде 5-18, күндіз 18-28-ден 20-31-ге дейін көтеріліп, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 3-11-ге дейін төмендеп, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 13-25-ке дейін жылып, орталықта түнде 2-10-ға дейін төмендеп, күндіз негізгі фон 13-21-ге дейін жылы, шығыста түнде негізгі фон 3-11-ге дейін, күндіз 10-18-ге дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 8-13-ке дейін, таулы аудандарда 2 аяз-3-ке дейін, күндіз 15-25-ке дейін, таулы аудандарда 5-10-ға дейін төмендейді», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...