Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт көтерілді

Танымал

Ел аузында

Ақша айырбастау орындарында доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы көтерілді. Бұған Kurs.kz деректері дәлел, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде 11:25-тегі жағдай бойынша, долларды сатудың орташа бағамы – 482,33 теңге, сатып алу бағамы – 479,84 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағамы – 482,96 теңге, сатып алу – 476,36 теңге болды.

Айта кетейік, 27 қыркүйекте таңертең Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 476,82 теңге, сатылым 479,50 теңгеге тең болған еді. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,73 теңгеден сатып алынып, 479,81 теңгеден сатылды.

Валюталардың 27 қыркүйектегі ресми бағамдары:

  • USD – 476,89 теңге;
  • RUB – 4,95 теңге;
  • EUR – 505,27 теңге;
  • CNY – 65,24.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...