Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Жетісулықтардың 40-тан астамы бүйрек трансплантациясын қажет етеді

Танымал

Ел аузында

Қазіргі уақытта өңірде 41 пациент тіркелген. Ағзаларды трансплантациялау – бұл органның істен шығуына тап болған ересек адамның да, баланың да өмірін сақтап қалатын маңызды процедура. Аурулар органдардың жұмысының жоғалуына әкелуі мүмкін, мұндай жағдайларда тірі де, қайтыс болған адам да донор бола алады. Трансплантологияның тәртібін, заң нормаларын және бұл процедура қандай жағдайларда жасалуы мүмкін екендігін Талдықорған қаласының облыстық ауруханасы ШЖҚ МКК директоры Анарбек Монголханұлы, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының анестезиология реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Азиз Садықов және облыстық ауруханасының нефролог-дәрігері Самат Садық айтып берді.
«Келісімді немесе бас тартуды кім тіркегені туралы ақпарат – жабық. Бұл базаға тек үш республикалық трансплантация үйлестірушісі және адам қайтыс болғаннан кейін ғана қол жеткізе алады. Дербес деректерді қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының Кодексіне және 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Кодекстің 212-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Адамның қайтыс болғаннан кейін органдардың донорлығына өмір бойы ерік білдіру және бұл туралы жұбайына немесе жақын туыстарының біріне хабарлау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы әзірленді, – дейді Анарбек Монголханұлы.
Органдарды трансплантациялау қажеттілігі туралы шешімді пациенттің жағдайына байланысты қалыптастырылатын мамандардың көпсалалы тобы қабылдайды. Егер олар қажеттілікті растаса, ақпарат трансплантация үйлестірушілеріне беріледі және пациент күту тізіміне енгізіледі.
«Күту тізіміне енгізу үшін: өңірдің денсаулық сақтау басқармасы немесе транспланттау орталығы жанындағы көпсалалы топтың қорытындысы; пациенттің дербес деректерді және пациент туралы мәліметтерді жинауға әрі өңдеуге келісімі негіз болып табылады. Күту парағында вирустық гепатит (В, С), кез келген локализациядағы туберкулез, ВИЧ инфекциясы, сифилис жұқтырған әлеуетті реципиенттердің органды тек сау адамнан ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-171/2020 бұйрығы бойынша қайтыс болғаннан кейінгідонордан да алу мүмкіндігі бар»,- деп толықтырды Азиз Абдрикимұлы.
Жетісу облысы бойынша нефролог дәрігердің айтуынша, бүгінде 298 адам гемодиализде. Олардың 71-і бүйрек ауруына байланысты тіркелген, оның 2-і балалар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...