Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Қалқаман ауруханасының невропатологтары инсульт соққан 91 жастағы кейуананы аман алып қалды

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері инсульт соққан кейуананың өмірін сақтап қалды.
Біздің кейіпкеріміз Тамара Кондакованың жасы 91-де. Ол жетінші ауруханаға мидағы қан айналымының бұзылу белгілерімен шұғыл түрде жеткізілген, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

«Бізге түскен кезде пациент аса ауыр халде еді: оң жағы толығымен жансызданған, оң жақты гемипарез (сал) болды, беті қисайып, тілі күрмелген. Өз бетінше отырып-тұра алмайтын, басы айналып, есін бір біліп, бір білмей жатты. Уақтылы көмек көрсетілмесе науқасқа мүгедектік немесе өмірмен қоштасу қаупі төніп тұрды», – дейді №7 ҚКА инсульт бөлімшесі меңгерушісі Ғалымжан Каримов.
Айтуынша, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, жүрек қарыншасының өткізгіштік қабілетінің бұзылуы сынды созылмалы аурулар әжейдің жағдайын қиындата түскен.
Инсульт кезінде әр минут маңызды. Мұндайда аурудың бастапқы белгілері байқалысымен, яғни 4,5 сағат ішінде маман көмегіне жүгінудің де маңызы зор. Бірақ бұл пациентке жедел жәрдем кештеу, қолайлы «терапиялық уақыт» өтіп кеткеннен кейін шақырылған, дейді Ғалымжан Каримов.
Ауруханадағы инсульт бөлімшесінің невропатолог дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен дер шағында білікті консервативті ем жасады.
Пациент жағдайы тұрақталғаннан кейін инсульт бөлімшесінде реабилитацияның бірінші кезеңінен өтті. Онымен медбикелер, логопед, емдік-дене шынықтыру, массаж мамандары жұмыс істеді.
«Ем-дом нәтижесінде пациенттің миындағы қан айналымы реттелді, ағзаның тіршілік етуге қажетті барлық функциялары мен жамбас қуысының қызметі қалпына келтірілді, Есін жиды, бет пішіні түзелді, анық сөйлейтін болды. Қазір өз бетінше тамақ жейді, қолдары қозғалады, аяқтың қызметі ішінара қалпына келді. Әзірше арнайы құрылғының көмегімен жүріп-тұрады. Біраз уақыттан кейін науқас толығымен қалыпты өмірге қайтып оралады», – дейді Ғалымжан Каримов.
Өлімге араша түскен дәрігерлерге Тамара әжейдің де алғысы шексіз.
«Мен тіпті ауруханаға қалай келгенімді де білмеймін. Қазір есімді жидым, басым істейді. Енді аяғымды толық бассам, жұмыс істеп жүгіріп кетер едім. Мен өзі өмірде ауырмаған, бала босанғанда болмаса, басқа уақытта ауруханаға жатып көрген адам емес едім. 73 жасқа дейін тынбай еңбек еттім», – дейді зейнеткер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...