Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
26.3 C
Shymkent

«Дұрыс емес». Үкімет басшысы Ұлттық банкке ескерту жасады

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Әлихан Смайыловқа Ұлттық банктің есебі ұнамай қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов биыл 9 айда инфляция баяулағанын айтты.

«2023 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық көрсеткіштері баяулауы жалғасты. Инфляциялық процестердің жалпы позитивті динамикасын ескеріп, Ұлттық банк базалық ставканы 16 пайызға дейін 0,5 тармаққа төмендету турады шешім қабылдады. Қыркүйектің қорытындысы бойынша Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді», – деді ол Үкімет отырысында.

Оның айутынша, жылдық инфляция 7 ай қатарынан төмендеп келе жатыр.

«Оның бүгінгі деңгейі – 11,8 пайыз. Жылдық инфляция қатаң ақша-кредит саясаты жағдайлары мен 2022 жылғы жоғары базаның аяқталуы, жаһандық инфляциялық қысым мен өндіріс шығындарының төмендеуі аясында баяулады. Инфляция құрылымында барлық компоненттің өсу қарқыны баяулады. Айлық инфляция да 0,6 пайызға дейін бәсеңдеді. Алайда айлық инфляцияның өсу қарқыны әлі де орташа мәннен айтарлықтай жоғары қалыптасып келеді», – деді Берік Шолпанқұлов.

Бірақ премьер-министрге Ұлттық банктің есебі ұнамай қалды.

«Сіз инфляцияның баяулауын өткен жылдың жоғары базасымен байланыстырып отырсыз. Бұл дұрыс емес. Инфляцияның айтарлықтай баяулауы Үкіметтің инфляцияға қарсы кешенді жұмысының арқасында мүмкін болды», – деді Әлихан Смайылов.

Аяз Есен 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ауғанстаннан «Диуани Хикметтің» беймәлім қолжазбасы табылған

Ауғанстаннан табылған «Диуани Хикметтің» бұрын белгісіз қолжазбасы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жаңа қырынан танытқан. XVIII ғасырдың соңында көшірілген бұл нұсқада...