Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Мемлекет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды

Танымал

Ел аузында

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биыл 9 айда мемлекет қаржысын игере алмай отырған министрліктер мен өңірлерді атады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы 9 айда мемлекеттік бюджетке 13,8 триллион теңге және республикалық бюджетке 9,2 триллион теңгеге жуық кіріс түскен.

Жергілікті бюджеттердің кірісі 4,7 триллион теңге болған. Республикалық бюджетке 16 триллион теңгеге шығыстар жүргізілген. Атқарылмау – 70 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге.

«54 млрд теңге игерілмегеді. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты», – деді министр Үкімет отырысында. Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 триллион теңге болған.

49 млрд теңге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 2 триллион теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделіп отыр.

«Оларға 1 қазанға 1 триллион 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге. Оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу – Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында», – деді вице-премьер.

Игерілмеудің негізгі себептері келесідей:

Конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу;

Шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу;

шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және тағы басқа.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...