Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Түркістандағы Судьялар Одағының республикалық Х спартакиадасы мәресіне жетті

Танымал

Ел аузында

….Сонымен, Қазақсан Республикасы Судьялар Одағының республикалық Х спартакиадасы мәресіне жетті.Бұл спорт.Осы спорттың қарапайым ғана бір түрі – дойбы. Ақыл басқарып, сабыр сақталғанда ғана жеңістен жеңіске жеткізіп, бедел мен  парасат биігіне көтеріп отырады. Сырт елге еренсіздеу бірақ шыдамдылықты, тәжірбені әлбетте ақылдылықты талап етеді. Ағымдағы жылдың жаз айында Алматы қаласындағы аймақтық спартакиада  жеңімпазы болып бүгін республикалық спартакиадада  дойбыдан бас жүлдені Алматы облыстық сотының төрағасы Әбдіқадыров Еліс Нұрқасымұлы жеңіп алды.

Жылдамдық, қырағылық, икемділік,тез ойлау секілді самдағайлықты талап ететін футбол ойынында қақпашының жауапкершілігі зор. Кезекті ойында қолына түскен теңбіл допты  аяғына тастап қуалай бетпе-бет келіп те, кесе көлденең де, жанамалай да  қуып допты тартып алмақ болғандарды  алдап өтіп қарсылас команда қақпасына сүңгітіп жіберген Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Эрнар Карибаев үздік қақпашы атаған жеңіп алды.  

Спортта жеңу бар да жеңілу тағы бар. Бақ пен бап сыналар сәттер адам қанын қыздырып, бұла күшті еселей көбейтіп, тіпті түсіріп те жібереді. Өйткені ол өкпе жүрмейтін спорт.Бұл ретте судьялар арасында шағын футболдан өткен бәсеке өте тартысты өтті. Спорттың бұл түрінен бес команда қатысты. Алматыда  өткен іріктеу жарысына журналистерді шақырғанда алматылық футболистерге егер аймақтық жарысты бірінші орынды жеңіп алсаңдарыздар  республикалық спартакиадаға арнайы барып репортаж жазуға уәде береміз деген едік. Жеңді. Бардық. Алғашқы ойында Астаналықтарды 2:1 есебімен ұтты. Шыны керек, Бас қала ойыншылары өте дөрекі ойнады.Екінші кезекте алматылықтар түркістандықтардан 3:1 есебімен ұтылды. Қарау ойын болды. Қатты тебілгендіктен лезде қақпаның төбесіне тартылған  бел темірінің   ішкі  белдеуіне  тиіп, керілген  торды бүлк  еткізе іле қабырға теміріне   де тиіп жердегі ақ сызықтың ішкі жағына түсіп, сол заматында  сыртқа ытқып  кеткен допты ел көрді.Ал, алаң ортасында тұрған төреші «көргемін жоқ» деп ұпай санына қоспады. Осы ойында осы төрешінің бұра тартқаны ойларына түсіп мына қараулыққа ренжіп, наразылық танытқан ойыншылар да, санаулы көрермендер де, біз де іркілмей таза голды ұпай санына қосуды талап еттік.Қоспады. Футбол алаңында 10-12 градус салқын ауа болса да терлеп жүрген спортшылар ойыны 15 минутқа тоқтатылды.Дене суып қалды. Жасөспірімдер жаттықтырушысы бола тұра ересектер ойынына төрелік еткен төреші шеттетілді.Мейлі ғой. Бірақ ойыншылар сағы сынып қалды.Жоғарғы Сот төрағасы  футболистік қырымызды көреді деп алматылық судьялар құлшынып, ерекше екпінмен келгендігін білгендіктен осы жолдарды да жазуды парыз санадық. Үш айдан бері осы спартакиаданы күтіп жүрген футболистер  өздерін өздері қайрап, келесі ойынға үміт артқан еді…

Негізі футбол командалық ойын. Ұйымшылдықпен бір-бірін түсініп ойнаған  команда шеберлік танытады. Бұл ретте Ақтөбеліктерді үлгі тұтуға болады.Жас аралықтары әртүрлі болғанымен тұрақты жаттығатындықтарын көрсете білді. Десек те, Қарағандылық футболистер алғашқы ойыннан- ақ мықтылықтарын танытып, асқан шеберлікпен бас жүлдені жеңіп алды. Олардың ішінде №7 ойыншы команданың жетекші ойыншысы екендігін   кәсіби футболиске тән іс-қимылымен аңғартты.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Асланбек Амангелдіұлы Мергалиев:

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының республикалық Х спартакиадасы  мәресіне жақсы жетуімен құттықтаймын! Спорт – денсаулық кепілі. Оны  судьялар спорт  ойындарындағы  жинаған мол   тәжірибелері бар екендігімен , ең бастысы бірде-бір спорт түрінен қалыс қалмай қатысуымен көрсете білді. Ойыншыларға түрлі спорт ойындарындағы  үздік нәтижелеріне   алғысымды айта тұрып, жеңістен жеңіске жете берулеріне тілектестіг імді білдіремін ,- деп спортшы судьялардың республикалық Х спартакиадасын қорытындылады.

Түркістанның төріндегі  «Oiympic-Center»  CO  кең де жарық спорт залында  салтанатты түрде өткен марапаттау рәсімін де  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Асланбек  Мергалиев Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалдымен бірге жүргізіп, жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер  сап түзеген қатарды аралап білгірлігін көрсетуі спортшы судьялар үшін үлкен құрмет болды.Дей отырып, спартакиаданың жоғары деңгейде өтуінде ұйымдастырушылық қабілетінін зор екендігін көрсеткен Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Миятбековтың ерен еңбегін атап өткенді дұрыс деп санаймыз!

Тақырып аясындағы сұхбат

Сәкен Абдолла, Қазақстан Республикасы  Судьялар Одағының төрағасы:

Сәкен Жүсіпахметұлы, мемлекеттік саясатқа сай атқарылған судьялар спартакиадасы туралы айтып берсеңіз?

Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында спортқа баса назар аудару керектігін атап өткендіктен  Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Х спартакиадасы сіз атап өткендей  мемлекеттік саясатқа сай өткізіліп отыр.Ең басты қуаныш —  2003 басталған судьялар спартакиадасының қайта жалғасын тапқаны болды. Себебі, әлемдік пандемия індеті кезінде үзіліп қалған еді.

Бұл спартакиаданың астарында үлкен саясат — бірлік, ынтымақ, татулық жатыр.Тек қана жұмысбастылыққа салынбай ара-тұра серпіліп, әріптестердің басын қоса білсек көп нәрсені ұтамыз.Рухани астанамыз Түркістанда республикалық судьялар спартакиадасын өткізуіміз соның бір дәлелі болды. Себебі, бірқатар азаматтар Түркістанда болмағанын, сәні мен салтанаты асқан әдемі қаланы араламағанын ең бастысы қасиетті орындарда бірінші рет тағзым етіп, рухани азық алғандықтарын айтуда.Сот жүйесінде бірге еңбек етіп, қызмет бабымен аралары ажырап қалған азаматтар қайта қауышып, аман-есен  кездескендеріне қуануда.Аты-жөндерін сырттай білгенімен нақты өмірде жүздеспеген азаматтар жақын танысуда.Футбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі,бильярд,шахмат, дойбы, үлкен теннис секілді спорт түрлерінен тамаша ойындардың өтуін де рухани астана ғаламаттығымен байланыстырған ләзім. Сондықтан спорттық ойындарда  ойға алған мақсаттарға, былайша айтқанда  еліміз, жеріміз тыныш болса жетіп жатамыз. Жалғасын тауып жатады.

P.S. Судья – өзіндік ойы бар тұлға.Спорт тақырыбында да оқығаны, тоқығаны, түйген ойы да жеткілікті.Осы спартакиаданы ұйымдастырып, негізін қалаған төрағалар, судьялар жастары жетпістің мол ішінде болса да сергек. Бұл спорттың жемісі. Сондықтан кәсіби төрешілермен тең, ең бастысы әділ төрелік етуге әлеуеті еркін жететін  сол ардагер судьялардан және республикалық Судьялар Одағы мүшелерінен  спартакиада бәсекесіне тұрақты төрелік ететін  төрешілер тобын құрса нұр үстіне нұр болар еді!!!

Нұрбол Әлдібаев

Алматы- Түркістан – Алматы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...