Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«25 тәулікке дейін қамауға алу». Бас прокуратура 25 қазандағы митингілер туралы ақпаратқа пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Бас прокуратура әлеуметтік желідегі митингілер туралы ақпараттарға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Бас прокуратура өкілдері Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында жекелеген әлеуметтік желілерде ағымдағы жылғы 25 қазанда митингілерді ұйымдастыру және оған қатысу туралы үндеулер таратылып жүргенін атап өтті.

«Бүгінге олардың өткізілуі жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген. «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңды бұза отырып жүргізілген митингілерді ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке қамаққа алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады», – делінген ресми жауапта. 

Ведомство өкілдері құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайтынын атап өтті.

25 қазанда 20 мың полиция қоғамдық тәртіпті күзетеді

Еске салайық, бұған дейін ІІМ 25 қазандағы митингіге дайындық туралы видеоларға қатысты жауап берген болатын. Биыл 25 қазанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл күні заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты,

Министрдің орынбасары мереке күндері полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтінін, заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейтінін мәлімдеді.

«25 қазан (Республика күні – еск.) мемлекеттік мереке ғой. Біз оған дайындаламыз. Біз (ІІМ – еск.) күшейтілген режимде жұмыс істейміз. Қазір әкімдіктерден барлық іс-шараны сұрап жатырмыз. Онда қоғамдық тәртіпті сақтаймыз. 25 қазанда митингіге шақыруға тоқталайын, оны ДВК мүшелері істеп отыр. Қазақстанда ол заңсыз экстремистік ұйым болып саналады. Біз ешқандай митинг өткізуге жол бермейміз», – деді Игорь Лепеха.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...