Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Мерекелік концерт, сенбілік, отшашу: Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді?

Танымал

Ел аузында

Қазақстан халқы 25 қазан – Республика күнін қайтадан атап өте бастады. Былтыр мерекелер тізіміне енген бұл күн – елдегі жалғыз ұлттық мейрам. Ұлт үшін маңызы зор күнге Мемлекет басшысы ерекше мәртебе берді. Соңғы 13 жылдан бері елеусіз қалған Республика күні биыл Алматыда қалай тойланады?

Алматыда Республика күніне арналған іс-шаралар 20 қазанда сағат 11:00-де Мемлекеттік қуыршақ театрындағы «ALMATY PUPPET FESTIVAL» I Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылуымен басталады. Фестиваль 24 қазанға дейін жалғасады, жас көрермендерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен қатар алыс-жақын Өзбекстан, Польша, Болгария, Грузия, Түркия сияқты шетелдерден келген театр ұжымы өнер көрсетеді.

Республика күніне дейін мерекені тойлау аясында қалада бірқатар басқа іс-шара өтеді:

21 қазан сағат 10:00-де қаланың барлық ауданында еріктілер фронт кеңсесімен бірлескен «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық сенбілігі өтеді. Сенбілік аясында қала аумағын тазарту, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аула аумақтарын жинау, сонымен бірге жаппай ағаш отырғызу жоспарланған.
23 қазан сағат 15:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында дәстүрлі әншілердің қатысуымен «Байтақ елім, Қазақстан» патриоттық мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар, Жамбыл атындағы филармонияда этномәдени бірлестік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтеді.
24 қазан сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтеді.
Республика күні – 25 қазанда өтетін іс-шаралар тізімі:

Таңертең сағат 10:30-да «Медеу» БТСК-да мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Әнұранын жаппай орындау салтанатты рәсімі өтеді. Іс-шараға қала жастары, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады. 

Ал Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында сағат 11:00-де «Ел өркенін өсірген азаттық» тақырыбында квиз және «Декларация – тәуелсіздікті бекітудің алғашқы қадамы» көрмесі өтеді.

Түскі сағ 14:00-де Көктөбе саябағында «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымының қатысуымен «Жасай бер мәңгі – Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтеді.

Негізгі мерекелік концерт сағат 15:00-де Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Республика сарайында өтеді.

Қазақ мемлекеттік циркінде сағат 16:00-де Республика күніне және атақты клоун әрі сиқыршы, цирк әртісі Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығына орай бенефис ұйымдастырылады. Қонақтарға акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтар қатысатын шоу-бағдарлама ұсынылады. 

Сағат 17.00-де Құрманғазы атындағы консерваторияда оқу ордасының жетекші ұжымдары мен солистерінің қатысуымен «Жасай бер, Қазақ елі» атты салтанатты концерт ұйымдастырылады.

Кешке сағат 20:00-де Астана алаңында Республика күніне орай мерекелік отшашу болады.

Айта кетейік, Республика күнін тойлау аясында суреттер мен фотосуреттер көрмелері, дөңгелек үстелдер, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, флешмобтар, спорт фестивальдері, турнирлер, марапаттау рәсімдері, зияткерлік ойындар мен акциялар өтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...