Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.3 C
Nur-Sultan
22.5 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

«Денесі жансыз болса да, бүтін шыққаны жанымызға жамау болып отыр». Костенко шахтасында қаза тапқан кеншінің досы оқиға туралы айтты

Танымал

Ел аузында

Қарағанды шахтасындағы апаттан 46 кенші қаза тапты. Солардың арасында 4 баланың әкесі Ерболат Адамбаевта бар. Massaget.kzтілшісі марқұмның досымен сұхбаттасты.

53 жастағы Ерболат Адамбаев – тәжірбиелі кенші. 4 баланы асырап отқан әке қазанның басында туған күнін атап өткен. Сол күні кенші жұмыстан шыққасын достарымен жиналып, кездеспек болған. Барлығы жоспарланған, достары да сол кездесуді асыға күткен. Тіпті, түнгі уақытта «Жігіттер, шахтаға жұмысқа кетіп бара жатырмын, кешке кездесеміз» деп соңғы хабарламасын да жазып кетіпті.

«Сол апат болмастан бұрын, шахтаға түспес бұрын, аудиожазбасын жазып жіберген еді. Бұл соңғы тілдесуіміз болатынын білген жоқпыз. Қапыда қамқор әке, адал жар, сырлас досымыздан айырылып қалдық», – деді Ерболат Адамбаевтың досы. 

Кеншінің үлкен балалары кәмелет жасқа толған, ал кенжесі әлі мектепте оқиды. Достарының айтуынша, ол өте еңбек қор жан болған.

«Ерболаттың денесін алғашқылардың бірі болып алып шықты. Қабырғамызды қайыстырды. Соңына дейін аман шықса екен деген үмітіміз үзілмеді. Денесі жансыз болса да, бүтін шыққаны жанымызға жамау болып отыр», – деді достары.

Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал кейін қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Кеше Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін «АрселорМитталТеміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Проектный офис по строительству студенческих общежитий города Алматы приглашает инвесторов принять участие в новых проектах строительства и реконструкции. Инициатива...