Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Гемоглобинді көтеру үшін күнде таңертең мына сусынды ішіңіз

Танымал

Ел аузында

Гемоглобин — эритроциттердің немесе қанның қызыл түйіршіктерінің құрамына кіреді. Гемоглобин ақуыздар мен темірден тұрады және олар қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ағзаның барлық тіндерін оттегімен қамтамасыз етеді. Қандағы гемоглобиннің төмен деңгейі көптеген денсаулық проблемаларын, соның ішінде анемияны тудыруы мүмкін. Гемоглабинді көтеру үшін қандай сусын ішу керек?

Гемоглобинді қалай өлшейді?

Гемоглобин деңгейін қанның сараптамасы арқылы анықтайды. Қанды тамырдан немесе саусақтың ұшынан алып, зертханаға жібереді. Гемоглобиннің сараптамасы арқылы көптеген аурулар анықталады. Клиникалық сараптамада жалпы гемоглобин арқылы қаназдықты анықтайды. Қант диабетін анықтау үшін, биохимиялық сараптаманың құрамына кіретін глюкозалы гемоглобинді қолданады.

Гемоглобин төмендесе не болады?

Эритроциттерді жасап шығаратын заттардың жетіспеуінен гемоглобин төмендейді. Гемоглобиннің төмендеуі қаназдықтың ұлғаюына себеп болады. Гемоглобині төмендеген адам  тез шаршап, бозарып, терісі құрғайды. Үнемі басы ауырып, шашы түсе бастайды, ұйқысыздық пайда болады.  Адам ағзасына В дәрумені мен фолий қышқылының жетіспеуі гемоглобиннің темендеуіне әсер етеді. Гемоглобиннің төмен болуы көптеген аурулардың белгісін білдіреді. Темір мен басқада қоректі заттардың қажеттілігінің ұлғаюына байланысты жүкті әйелдерде гемоглобин төмендеп кетеді.

Гемоглобинді көтеруге қандай сусын көмектеседі?

Гемоглобинді көтеру үшін қызылша мен алмадан жасалған смузиді ішуге болады. Ол үшін 1 шикі қызылша мен 1 тазартылған алманы бөліктерге бөліп, блендерге саласыз. Осындай сусынды күнде таңертең ішуге болады. Оның дәмі ересектердің де, балалардың да көңілінен шығады. Оған тәтті дәм беру үшін бал мен дәмдеуіштер қосуға болады. Сондай-ақ, қызылша, алма және сәбізден де смузи дайындап ішуге болады.

Қызылша – дәрумендерге бай өте пайдалы көкөніс. Алайда оны көпшілік ұната бермейді. Бірақ одан дайындалған смузи дәмді болып шығады. Сондықтан қызылшаның өзін жей алмайтын адамдарға одан смузи дайындап ішіп көруге болады.

Ескерту: Рационға мұндай сусынды қоспас бұрын дәрігер кеңесін алған жөн.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...