Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі

Танымал

Ел аузында

Алдағы 4-5 жылдың ішінде докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 жыл докторантурада оқып, PhD алып шыққаннан кейін осы оқыған уақыты университетке келгенде есепке алынбайды.

«Оқытушылықтан бастауына тура келеді. Бізде оқытушы, аға оқытушы, қауымдастырылған профессор, профессор деп бөлінеді. Профессорлыққа жеткенге дейін біраз уақыт өтеді. Мақалалар жазып, гранттарға қатысуы керек. Сондықтан ең алдымен PhD қағидаттарын өзгертіп жатырмыз. PhD шәкіртақысын көтереміз. Биыл 217 мың теңгеге жетті. Жыл сайын 20 пайыз көтеріліп отырады. Алдағы 4-5 жылдың ішінде 500 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарымызда бар», – деді министр Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...