Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Болат Назарбаевтың өкілі оның “Алтын орда” базарына қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Жақында БАҚ бетінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Алматы облысындағы «Алтын Орда» базарындағы заңбұзушылықтар туралы істі тергеуге Болат Назарбаевтың қатысы бар-жоғы туралы сұраққа жауап берген болатын.

Тілшінің сұрағына орай «Біз көрген құжаттама бойынша ол мүлік иесі емес. Сондықтан оның жеке тұлғасы туралы бөлек айтып, оны қандай да бір жолмен жекелендіре алмаймын. Оның құлағы бір жерден көрініп тұр, бұл Болат Назарбаевтың мүлігі деп заңды түрде айта алмаймын. Меншік иесі болып табылатын ЖШС бар. Олар жол картасына қол қойып, міндеттеме алды, жауапты сол тараптан сұраймыз. Яғни, олар арнайы реестрде тіркелгендер және ресми меншік иелері», — деген болатын Арман Шаққалиев.

Сонымен қатар, министр егер Болат Назарбаев заңды түрде базар иесі ретінде рәсімделіп, үлесі болса, қызметкерлерді жалдап, келісімшарттарға қол қойса, онда «заң алдында бәрі тең» болғандықтан, ол осы іс бойынша жауап беруі мүмкін екенін айтты. Осы мәлімдемеге орай Болат Назарбаевтың өкілі К. Жүсіпов жауап берді. Ол “Сауда және интеграция министрінің «Не могу сказать, что его уши где-то торчат» дегені мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексіне сай емес. Сондай-ақ, қазір Болат Назарбаевтың «Алтын орда» базарына ешқандай қатысы жоқ екендігін жеткізгіміз келеді. Журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер мұндай ақпаратты алдын ала тексеріп алуы керек және біреудің атын пайдалану арқылы өз атына жарнама жасамауы керек деп есептейміз. Айта кетейін, Болат Әбішұлының 2015 жылдан бері бизнес жобаларға қатысы жоқ. Қазіргі таңда ол қайырымдылық істермен айналысады.

«Салиқалы ұрпақ» атты арнайы қор жұмыс істейді. Бүгінде бұл қор елдегі төтенше жағдайлар кезінде көмек қолын созып, қиындыққа тап болғандарға жылу жіберіп отырады. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге және өзге де мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіп келеді”, – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...