Тоқаев Путинді әуежайдан күтіп алды

Танымал

Ел аузында

РФ басшысы Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді, – деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келді.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
 
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда студенттерге арналған жаңа форматтағы жатақханалар саны артады

Алматы қаласында студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе инвесторларды жаңа құрылыс және қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңғырту жобаларына қатысуға шақырады....