Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

«Бұрын елімізден кеткендерді сынайтынмын…» Экс-депутат Бақыт Сыздықова Кипрге неге көшкенін айтты

Танымал

Ел аузында

Экс-депутат Бақыт Сыздықованың Кипрге көшкеніне 2 жыл болды. Ол не үшін бұл елді таңдағанын, не үшін мұндай қадамға барғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бір жыл бұрын жанына жиендері көшіп келген. 

«2 жыл бұрын Кипрге аяқ басып, бұл менің жерім екенін түсіндім! Мұнда өзімді үйдегідей сезінемін. Бір жыл бұрын маған жиендерім көшіп келген еді. Мұнда қазақстандықтарды жиі кездестіремін, олар маған алғыс айтып, «Бақыт сіздің Кипр туралы Stories-теріңізден осы аралғ аназар аударып, мұнда қалуды жөн көрдік» дейді. 

Сондай-ақ, ол бұрын елден кеткендерді сынағанын жасырмады.

«5 қарашада Кипрге келіп, осы аралға ғашық болып, осында тұрамын деп шешім қабылдағаныма тура 2 жыл толды. Шетелде тұру – мен үшін ең ерекше шешім. Бұрын мен Отанымнан тыс жерде, Қазақстаннан тыс жерде өмір сүруге болатынын елестете алмайтын едім. Тіпті, бұрын елімізден кеткендерді ашық сынайтынмын… Маған Астанадан басқа еш жерде бақытты бола алмайтындай көрінетін. Мұның немен байланысты екенін білмеймін, бірақ Кипрде тыныс алу оңай, мұнда бәрі өте таныс және жақын. Ал мен өмірімде алғаш рет 2 жыл бойы қатты жақсы көретін Қазақстанымнан тыс жерде тұрып жатырмын, бірақ жаным жай тапты», – деп жазған ол. 

Бақыт Сыздықова – қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...