Ресей үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде білім беретін 3 мектеп салынатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оверчуктің айтуынша, Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Келешекте Қазақстанда бірқатар ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын да атап өтті.
«Ынтымақтастық пен бүкіл деңгейде іс-жүргізу үшін бізге орыс тілі керек. Қазіргі таңда біз аудармашыларсыз бір-бірімізді тікелей түсініп отырмыз. Қазақстанда орыс тіліне деген қызығушылық бар. Біз бұл мәселені үкіметаралық комиссияның отырысында да талқыладық. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйымның құрылуы бастамасы үшін алғыс айтамыз. Ол келісімге 13 қазанда ТМД елдері басшыларының кеңесінде қол қойылды. Қазір біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде сабақ беретін үш мектептің құрылысын детальді түрде талқылап жатырмыз», – деді Алексей Оверчук.
Жасұлан Ордабаев