Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Ол әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуандық Бишімбаев 1980 жылы 11 сәуірде Қызылордада дүниеге келген (43 жаста). Алматыдағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1999), Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (2001) және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Вашингтондағы Вашингтон университетін (2001) бітірген.
Ұлттық экономика министрінің осымен екінші рет ұсталып отыр. 2017 жылғы 10 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бишімбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлады. Екі күннен кейін соттың санкциясымен ол қамауға алынды.
Бұрынғы министрге қатысты сот төрт айдан астам уақытқа созылды. Іске Бишімбаевпен бірге тағы 22 адам қатысты. Олардың арасында «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері де бар.
Сот Қуандық Бишімбаевты тағылған айып бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Бишімбаев Ленгердегі қатаң режимдегі мекемеде болған және жалпы тәртіптегі колонияға ауыстыруды сұраған. Ол 2019 жылғы 15 ақпанда Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырылды.
2019 жылдың қазан айында экс-министр бостандыққа шықты.