Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

 «Халел Досмұхамедов мұрасы және қазіргі қазақ қоғамы»

Танымал

Ел аузында

2023 жылдың 26 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Халел Досмұхамедовтің 140 жылдық мерейтойын атап өту мақсатымен ҚазҰУ 2-курс магистранттары  дөңгелек үстел өткізді

Халел Досмұхамедов – тарихшы, тілтанушы, әдебиеттанушы, саяси және қоғам қайраткері және аудармашы.
ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті – олардың қай-қайсысы болсын жан-жақты «сегіз-қырлы, бір-сырлы» тұлғалар болатын. Халел Досмұхамедовтың cаяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы – кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге.
Биыл, Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым – Халел Досмұхамедовтің туылғанына 140 жыл толып отыр. Осы орайда

Іс – шараның мақсаты: жас буынға Халел Досмұхамедовты тереңірек таныстыра отырып, еліміздің патриоты болуға шақыру.

 «Халел Досмұхамедов мұрасы және қазіргі қазақ қоғамы» дөңгелек үстел өтті.

 Айтулы шара кезінде ғалымның ел үшін атқарған елеулі еңбектерімен қатар, түрлі ұсыныс-пікірлер де ортаға салынды.
  Магистранттар жиын кезінде ғалымның шығармаларына ,өмірі мен жетістіктеріне шолу жасады.Іс-шара арқылы қатысушылар өзінің білімдерін жетілдіріп, ойларын жаңғыртты.

Абай ғылыми-зерттеу институтының

оқытушысы

Қырғызбаева Айгерім және

2 курс магистранттары Конысбаева Диана,Турганбаева Жансая

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...