Желіде «АрселорМиталл Теміртау» шетелдік инвесторға беріледі деген хабар тараған. Үкімет бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет «АМТ» АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ», – делінген Үкімет хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін «АрселорМитталТеміртау» Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін екені хабарланған болатын.
«Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.
Сондай-ақ, Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.