Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Бекболат Тілеухан: Көкпар мен бәйгенің ендігі тағдыры не болады?

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жануарларды қорғау туралы заң жобасы талқыланған отырыста ұлттық спорт түрлерінің тағдырына алаңдады.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. 

Талқылау барысында депутат Бекболат Тілеухан экология министрінен жаңа заң ұлттық спортқа кесірін тигізбей ме деп сұрады.

«Ұлттық спорт жануарларға да, адамға да өте қауіпті. Мен бұл жерде көкпар, бәйге, асау үйретуді айтып отырмын. Заң жобасында «жануарлардың жарақат алуына, мертігуіне, олардың өлуіне әкеп соқтыратын ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады» делінген. Енді ұлттық спорттың тағдыры не болады?», – деді мәжілісмен.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заң жобасының басты мақсаты жануарларды қатігездіктен қорғау екенін атап өтті.

«Өзіңіз айтып өткендей, жануарларға залал келтіретін ойын-сауық шараларын өткізуге тыйым салынған. Мысалы, ит төбелестіру. Ал жануарлардың қатысуымен өтетін ұлттық спорт түрлері жануарға зақым келтіруді көздемейді. Сондықтан заң жобасында жануарлардың ұлттық спорт түрлеріне қатысуына тыйым салу қарастырылмаған», – деп жауап берді Брекешев.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бұл норманы екінші оқылымға дейін заң жобасына жазу керек екенін айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...