Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.5 C
Nur-Sultan
26.6 C
Almaty
30.8 C
Shymkent

Жыл басынан бері теңге қанша пайызға әлсіреді?

Танымал

Ел аузында

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов теңгенің әлсіреуі неге байланысты екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жыл басынан бері теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 469,64 теңгеге дейін, 1,5 пайызға әлсіреді. Қазан айында 1,1 пайыз болды. Теңгенің әлсіреуі бірқатар сыртқы және ішкі факторға байланысты», – деді ол.

Вагаповтың сөзінше, оның бірінші себебі – доллардың жаһандық нығаюы.

«АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің қатаң ақша-кредит саясаты әсер етіп отыр. Екіншіден, импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы. Оған жобаларды іске асыру және бюджет қаражатын игеру циклінің жандануы мен басқа да факторлар ықпал етіп отыр», – деді Ұлттық банк өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов елімізде қандай азық-түлік қымбаттағанын айтқаны хабарланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...