Елімізде азық-түліктің қай түрі қымбаттады?

Танымал

Ел аузында

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов елімізде қандай азық-түлік қымбаттағанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4 пайызға дейін баяулағанын мәлімдеді. Ұлттық банк төрағасының сөзінше, айлық мән өткен айдағы 0,3 пайыздан 0,5 пайызға дейін өсті.

«Азық-түлік тауарлары құрылымында қазанда жұмыртқа, нан, жарма, қант және тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өсті. Есесіне, ірімшіктің, жаңа піскен көкөністер мен күнбағыс майының бағасы төмендеді», – деді Ұлттық банк өкілі.

Оның айтуынша, қазанда азық-түлікке жатпайтын инфляция жылдық мәнде 11,1 пайызға дейін баяулады.

«Айлық мәнде өсім – 0,8 пайыз. Қазан айында аудиовизуалды жабдықтар, отын, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар, киім-кешек пен аяқ киім бағасы өсті», – деді Вагапов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...