Алматы облысында дәрігерлер сотталған азаматтарды медициналық тексеруден өткізді

Танымал

Ел аузында

Қонаев қаласы, Заречный ауылында орналасқан ҚР ҚАЖД-нің ЛА-155/12 түзеу мекемесінде, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері, жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында ауруларды алдын-алуға арналған медициналық тексеру жүргізді.
Аурухана директоры Ракишева Айман Галимжанқызының айтуынша, жазасын өтеп жатқан жандарды тексеру міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізіліп, ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік берді және әртүрлі асқынуларды болдырмаудың бірден-бір іс-шарасы деп танылды.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігер-невропатологы Парахатов Мансұр Марсұлы: «Бүгінгі күні, біз, дәрігер-терапевт, фтизиатр, хирург, уролог, окулист, т.б. әріптестерімізбен біріге, сотталғандарды медициналық тексеруден өткіздік. Тексеру нәтижесі бойынша, олардың бір бөлігі диспансерлік есепте тұрған және алдағы уақытта тиіст қажетті емдерін алады деп жоспарлануда».
Мамандар 136 кеңестер жүргізіп, 24 сотталғандарды УЗД-дан өткізіп, 30 сотталушылардан егжей-тегжейлі зертханалық зерттеулер жүргізу үшін талдаулар алды.
Сотталғандардың құқықтық жағдайына қарамастан, медициналық көмекке тең қолжетімділігін есте ұстаған жөн.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...