Депутат Ринат Зайытов қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан шенеуніктердің баласының әскерге баруы туралы сұрады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Мен осы уақытқа дейін министрдің, әкімнің баласы әскерде жүр дегенді естімеймін. Осының аясында жоғарғы лауазымды тұлғалардың не өздерін, не балаларын екі айлық әскери дайындыққа міндеттейтін норма қарастыруға бола ма?», – деп сұрады депутат.
Руслан Жақсылықов ұлын әскерге жібергендер ол туралы әдетте айтпайтынын жеткізді.
«Жүрекпен патриот болу керек. Көзбояушылық жасамау керек. Мысал келтіре кетейін. Бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-полковник Қалмұхамет Қасымов екі інісін маған әкеліп, сарбаз болуға жіберді. Сенатор Құл-Мұхаммед мырзаның ұлы беделді мектепті бітіріп, мерзімді қызметтегі сарбаз ретінде қызмет етті, қазір ол АҚШ-тағы әскери училищенің курсанты. Бұл үлгі бола алмай ма?», – дейді министр.
Жақсылықов министр, депутаттардың баласын бөлек қарастырып, мұндай норма қабылдау керек емес екенін айтты.
«Заң бәріне бірдей», – деді министр.