Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Күзде иммунитетті қатайту үшін қандай шайлар ішу керек? Дәрігер кеңесі

Танымал

Ел аузында

Суық маусымда ағзаны қажетті минералдармен және дәрумендермен байыту керек. Денсаулықты қатайтуға және хал-жағдайды жақсартуға табиғи шөптік шайлар көмектеседі. Денсаулықты қатайту үшін қандай шайлар ішу керегін аллерголог Ольга Тарнавская Styler жобасына айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Иммунитетті қатайту үшін қандай шәйлар ішу керек?

«Вирустық аурулармен жиі ауырсаңыз және химиялық дәрілік құралдарды ішу керек болса, ол ағза органдары мен жүйелеріне жағымсыз әсер етеді. Бұл кезде иммунитетті қатайту керек. Оны түрлі әдістермен, соның ішінде әртүрлі шөптік шайлар ішу арқылы да көтеруге болады», – дейді дәрігер.

Дәрігер ол үшін құрамында мынадай ингредиенттер бар шәйларды таңдауға кеңес берді:

Эвкалипт – ол әлемге өзінің емдік қасиетімен танымал өсімдік, оның құрамында эфир майлары көп.

«Эвкалипт жапырақтарын дұрыс демдесеңіз, онымен температураны түсіруге, патогенді бактериялармен күресуге, қақырықты шығаруға болады. Эвкалипт асқазан-ішек жолы органдарының тіндеріне де жағымды әсер етеді», – дейді Тарнавская.

Шайқурай (зверобой) – никотин қышқылы, эфир майлары, А, В, С, РР дәрумендеріне бай өсімдік. Бұл шөптен дайындалған шай микробтарға және қабынуға қарсы жұмсақ, бірақ тиімді әсер етеді. Ол қанайналымды, өт бөлінуді және асқорыту процестерін жақсартады.

Сәлбен (шалфей) – тағы бір табиғи антибиотик.

«Сәлбен шәйы тыныс алу жолдары мен ауыз қуысы аурулары кезінде тиімді әсер етіп қана қоймай, ол есте сақтауды және ми жұмысын жақсартады. Әсіресе, оны бронхит кезінде ішу ұсынылады», – деп түсіндірді дәрігер.

Жөке (липа) – бұл ағаштың гүлдерінде А, С дәрумендері және дубильді заттар бар. Жөке шайын қабыну және тұмау кезінде жазылуды жылдамдату үшін ішу ұсынылады.

Каркаде – қысымды реттейтін, уыттарды шығаратын, қан тамырларды қатайтатын, бауыр және асқазан-ішек жолы жұмысын жақсартатын сусын.

Сурет: pixabay.com

Қырмызыгүл (календула) – табиғи фитонцидтері бар өсімдік. Ол қабынуға қарсы тиімді әсерге ие. Сондай-ақ бұл өсімдік құрамында эфир майлары мен органикалық қышқылдар бар.

Дәрігер сондай-ақ иммунитетті қатайту үшін мына шөптер мен жидектер де көмектесетінін айтты:

Итмұрын мен шырғанақ;
Жолжелкен;
Итбүлдірген;
Шие, қарақат, қарабүлдірген;
Жалбыз.
«Осы ингредиенттерден шәй демдеу зат алмасуды реттейді және ағзадағы микроэлементтер шоғырын үйлесімді етеді. Содан соң ағза қолайсыз ауа райы шарттарында немесе қоршаған ортаның жағымсыз факторлары кезінде түрлі ауруларға қарсы төзімді болады. Сондай-ақ иммунитетті қатайтуға және тұмауды жеңуге зімбір шайы көмектеседі», – дейді Тарнавская.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...