Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелтік ұсталды

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Кольт» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі берген.
Полицейлер бірден күдік тудырған Өзбекстан елінің азаматын тінту кезінде сырт киімінің ішінен есірткі затына ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдікті аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат “гашиш” болып шықты.
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл...