Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Желіде Тоқаевтың Бишімбаев ісіне қатысты фейк пікірі тарады

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бишімбаев ісіне қатысты фейк пікірі тарады, – деп хабарлайды stopfake.kz. 

Онда Президент «бұрынғы министрдің қатысы бар оқиғаға қатысты айтқан пікірі» делініп жүр. Бұл пікір – фейк.

Ақорданың ресми парақшаларында Президент 15 қарашада құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесуі кезінде елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты пікір білдіргені туралы баспасөз релизі жарияланды.

Президент Ішкі істер министрлігі басшылығына бұл істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – заң мен тәртіп үстемдік құратын ел», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БАҚ жаңалықтарында да осы дәйексөз келтірілген.

«Мемлекет басшысы тараған ақпаратта жазылған сөздерді айтпаған. Бұл «пікір» жалған. Фейктің бастапқы дереккөзі – Qazinform24 сатиралық аккаунты. Ол Instagram-да ойдан шығарылған жаңалықтарды жариялайды. Бұл туралы парақшаның профилінде жазылған», – делінген басылым мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...