Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда күріш бағасы бір жылда 40%-ға қымбаттады

Танымал

Ел аузында

Жыл басынан бері Қазақстанда күріш бағасы 40,3%-ға қымбаттады. Бұл бағаның өсуі 28,9%-ға жеткен өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп6деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom мониторинг компаниясына сілтеме жасап.

Бұған дейін күріш бағасы екі жыл қатарынан төмендеп келді.

Тегістелген және жылтыратылған күріштің ең жоғары бағасы Ақтауда тіркелді: бір келісі үшін 904 теңге. Одан кейін Орал мен Астана тұр: сәйкесінше 829 және 821 теңге. Қызылорда (495 теңге), Петропавл (510 теңге) және Талдықорғанда (519 теңге) ең арзан күріш анықталды.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында жартылай тазартылған, толық тазартылған немесе шағылған күріш өндірісі 177,2 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға аз.

Қазақстандағы күріштің барлығы дерлік Қызылорда облысында өндіріледі, ал қалған 10%-ға жуығы Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына тиесілі.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында елге 21 мың тонна жартылай тазартылған, толық таззартылған немесе шағылған күріш импортталды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 3,3 есе көп.

Ішкі нарықтағы импорт үлесі 3,9%-дан 13,6%-ға дейін өсті. 74,8 мың тонна күріш экспортталып, оның жартысынан астамы Өзбекстанға жіберілді. Экспорттың айтарлықтай көлемі Ресей мен Тәжікстанға да жіберілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...