Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22 C
Nur-Sultan
29 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Димаш Құдайберген қаза тапқан кеншілердің отбасына 20 миллион теңге аударды

Танымал

Ел аузында

Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақын-журналист Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Канат Айтбаевқа хабарласып ем, растады. Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки! Осы мақсатпен жариялап отырмын, – деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.

Айта кетейік, бұған дейін қаза тапқан кеншілердің отбасына 10 жылдық жалақы төленгені туралы жазған болатынбыз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Досуговый центр «Delta» провел эко акцию в парке им. Сейфуллина

13 апреля 2024 года в 15:00 в парке им. Сейфуллина в Турксибском районе города Алматы прошла экологическая акция, организованная...