Танымал әнші Серік Ибрагимов әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші тағы да «әке» атанатынын айтып, сәбидің жынысын білу үшін гендер пати ұйымдастырған.
«Ассалаумағалейкүм! Қуанышыңмен бөліссең көбейеді демекші,сіздермен бөлісейік деп шештік☺️
Баршаларыңызға жұғысты болсын! Құттықтап жатқан жандарға алғыс!, – деп жазды әнші.
Алайда әнші мен отбасы болашақ сәбидің жынысы кім екенін көпшіліктен құпия қалдырды. Желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқыға салды.
«»Ұл немесе қыз босанасың», «Көрініп қалды», «Несіне жасырасың, ұл ғой», «Қызды боласыз. Қызыңыз шарды жарғанда, қызғылт түс шықты», «Бақытты болыңыздар», «Ұл», – деп жазды желі қолданушылары.