Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Аса ірі көлемде пара алды: экс-депутат Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Танымал

Ел аузында

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-вице-министр Нұржан Әлтаевқа аса ірі көлемде пара алғаны үшін үкім шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлтаевқа Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмыс бойынша айып тағылды. 

«Бұрынғы вице-министр 2018 жылғы ақпаннан 2020 жылғы шілдеге дейін жалпы қамқорлық және «Атамекен» АЭС-тің мүддесін қолдағаны үшін М.-дан делдал арқылы жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 миллион 150 мың теңге пара алған.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефон арқылы хат алмасумен, жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді», – деді сот. 

Прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы ақтауды сұрады.

«Сот оның балаларының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.Оның берген антын бұзу қылмысты ауырлататын мән-жай болды.

Сот үкімімен экс-вице-министр Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына азаматтық қызмет атқару құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген сот қаулысында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...