Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Кейінгі 20 жылда болмаған қыс келе жатыр

Танымал

Ел аузында

Синоптиктердің болжамы бойынша, биыл күз мезгілі кейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жылы болды. Алдағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыс мезгіліне ұқсауы мүмкін, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика бойынша екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Мамандардың айтуынша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларындағы ауа райына Атлант мұхиты аймақтарынан ылғалды ауа массалары әсер етеді. Сондықтан қазақстандықтар үшін 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болуы ықтимал. Дегенмен сарапшылар мұны аномалия деп санамайды.

2023-2024 жылдардың қысы 2001-2002 жылдардағы қыс сценарийіне ұқсас болмақ, яғни жылы және жауын-шашын көп болады. Алдағы қыста Қазақстанда температуралық фон климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтіледі.

«Көпжылдық мәліметтер бойынша қыс жылы болған жылдары орташа температура нормадан 4-10 градусқа жоғары болған», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Синоптиктер Қазақстанда жаңа жылдың басында қар жиі жауатынын болжады. Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында қатты аяз болуы мүмкін. Термометр -17 градусқа дейін төмендейді. Бұл айларда оңтүстік өңірлерде ауа райы нөлден жоғары болады. Метеорологтар биыл көктем де жылы болатынын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ ПРОДОЛЖАЕТСЯ АКЦИЯ «МӨЛДІР БҰЛАҚ»

В декаде «Мөлдір бұлақ» республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» принимают участие жители разных населенных пунктов области Жетісу. «Мөлдір бұлақ» –...