Алматыда сушиді «тым креатив» жарнамалаған блогерге айыппұл салынды

Танымал

Ел аузында

Полиция формасын киіп, суши жарнамалаған алматылыққа 5 АЕК (17 250 теңге – еск.) мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ведомство мәліметінше, Алматыда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында полиция формасын киіп, суши жарнамалаған жігітке қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ол видеоны әлеуметтік желі арқылы таратқан.

«Мен – жаңадан бастап жатқан блогермін, бұл жарнаманы қызық болсын деп түсірдім және тараттым. Бұл заңбұзушылық екенін білмедім. Болашақта мұндай жағдай қайталанбайды», – деді алматылық.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Б.есімді ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 675-бабында көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған полиция формасын заңсыз пайдаланғаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге – еск.) мөлшерінде айыппұл салынды. Арнайы полиция киімі тәркіленді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...