Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

«Бізге зиянын тигізіп жатыр». Балғынбек Имашев Жүрсін Ерманға деген ренішін айтты

Танымал

Ел аузында

Айтыскер ақын Балғынбек Имашов Жүрсін Ерманға реніші барын  «Talklike» бағдарламасында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Жүрсін Ерман айтысқа қатыспаған кезінде түрлі тақырыпта сұхбат беріп жібереді.

«Біз айтысқа бармаған кезде Жүрсін Ерман «мыналардың бәрі дінге кетіп қалды»,»домбыра харам» деп айтты деп сұхбат бере салады. Оның өзінің тактикасы сондай. Мысалы, айтысқа демеуші іздеп, кәсіпкерге барады. Кәсіпкер ойланайын десе, келесі күні сұхбатта «демеушіміз осы кісі» деп айтып жібереді. Кәсіпкер «аға, сізге ойланайын» дедім ғой деп хабарласса, «ойбу, онда бермейтін болды деп кері сұхбат берейін» дейді. Сосын ана кәсіпкер «керек емес» дейді. Тура бізде де солай», – деді ол.

Айтыскер ақын сол сұхбаттардың себебінен зиян шеккенін айтты.

«Енесі тепкен құлынның еті ауырмас» дейді ғой. Ол кісінің сөздерін көңілге алмай жүретінбіз. Сондай сұхбаттары бізге зиян беріп жатыр. Ылғи мен, Жандарбек, Айнұр, Сара төртеумізді айтады», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...