Астана мектептерінде сабақ уақыты қысқартылды

Танымал

Ел аузында

Астанада көктайғақ пен қатты жел салдарынан мектептегі сағаттар қысқартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласының Білім басқармасы ауа райы жағдайларын ескере отырып, екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс», – делінген хабарламада.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды.

«Сондай-ақ, әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады».

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...