Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Алакөлге көлікпен бару жеңілдейді

Танымал

Ел аузында

2024 жылы Алакөл мен Балқаш көлдеріне апаратын жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

Оның пікірінше, өңірдің табиғаты мен климаты туризмді дамытуға өте қолайлы.

«Биыл 10 айда Жетісу облысына келген туристердің саны 2 млн адам болды. Оның ішінде 1,5 млн адам Алакөлдің жағалауына барды. Инфрақұрылымды дамыту үшін Алакөл мен Балқаш жағалауына апаратын жолдардың құрылысы келесі жылы толық аяқталады. Алакөлге жол салынып жатыр. Оның 90 пайызы аяқталған. Жолдың бетіне ЩМА төсеуді бітереміз. Балқашқа апаратын жолды 2024 жылдың қарашаның соңына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз», – деді Бейбіт Исабаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ облыс әкімі Алакөл мен Балқаш көлінде демалғысы келетін туристердің санын арттыру үшін өңірдегі инфрақұрылымға қаржы бөлініп жатқанын атап өтті.

«Былтыр Үшарал әуежайы толық жөндеуден өтті. Енді әуежай үлкен ұшақтарды қабылдай алады. Алакөлдің жағасындағы Ақши ауылына Тальго пойызы қатынайтын болды. Сонымен қатар 2024 жылы Балқаш көлінің жағасында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы басталады. Келесі жылға 2,1 млрд теңге бөлініп отыр. 2025 жылдан бастап Балқаш көлінің жағасында демалыс үйлері, қонақүйлер салына бастайды», – деді ол.

Сондай-ақ Бейбіт Исабаев биыл «Алтынемел» ұлттық паркінде құны 2 млрд теңге болатын визит орталық салынғанын атап өтті.

Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов музейіне баратын жол жөнделіп, музей жаңғыртудан өткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...