Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысындағы апатты мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыста апатты және үш ауысымды мектептер жоқ . Алайда бейімделген мектептердің проблемасын шешу өзекті болып отыр. Осы жылы жоспарланған 6 мектептің 5-уі іске қосылды (560 орын), жыл соңына дейін тағы 1200 орынды бір мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 5 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 2-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр, -деді өңір әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Әкімнің дерегінше, Жетісу облысында 340 мектеп және 130,3 мың оқушы бар.
Жалпы 2026 жылға дейін облыста 21 жаңа мектеп салынады, оның 7-еуі «Жайлы мектеп» жобасы аясында тұрғызылады, – деді Исабаев.