Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

«1 миллион кредит ал да, өзіңнің кайфыңа жұмса». Қазақстандық ментордың сөзі желіде дау тудырды

Танымал

Ел аузында

Ментор, психосомат Гүлиза Сәлімбайдың сөзі Желіде дау тудырды. Видеода ментор оқырмандарына 1 миллион кредит алып, оны «өз кайфына» жұмсауға кеңес береді, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Видеоны ментор парақшасынан өшіріп тастаған. Алайда роликті Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

«Шығатын жері қайда?! Дәл осылай қалай ақыл айтуға болады? 1 миллионды 1-2 күнде жаратып, 1-2 жыл жыртылып төлеу керек пе сонда?! +Алған 1 миллионды 2 миллион қылып төлейсің», – дейді депутат. 

«Дәл қазір өзіңе 1 миллион кредит па шығарып көр. Несие беріп жатса, сол ақшаны ал да 1-2 күннің ішінде өзіңнің кайфыңа жұмса. Барып қаланы қыдырасың ба? Киім аласың ба? Просто так кайфовать етіп 2-3 күн жатасың ба? Сіздің мақсатыңыз қайда, өзіңізді табу деген қайда екенін түсініп бастайсыз. Өйткені сіз өзіңіз сол кредитті жабу үшін, сол миллионды табу үшін қалай жұмыс істеп кеткеніңізді, қандай идея келіп бастағанын, табысты көтерудің жолдарын ізденіп кеткеніңізді байқамай қаласыз», – дейді Гүлиза Сәлімбай. 

Ментордың бұл сөзі Желі қолданушылары арасында дау тудырды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...