Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Алматылық нейрохирургтер күрделі ота жасап, науқастың омыртқасындағы ісікті алып тастады

Танымал

Ел аузында


Алматы қалалық шұғыл жедел медициналық жәрдем ауруханасы дәрігерлері омыртқасына невринома өскен 50 жастағы әйелге ота жасады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, әйел үнемі омыртқаның кеуде тұсы ауыратынын айтып шағымданған. 7 ай бойы жүргізілген емнен нәтиже шыққан соң МРТ түсірген. Нәтижесінде омыртқадан невринома қатерсіз ісігі табылды.
Дәрігерлердің айтуынша, невринома (шваннома) – баяу өсетін қатерсіз ісіктің түрі. Ол адам ағзасындағы кез-келген жүйке талшығына жабысып өседі. Ісік негізінен бас, мойын, омыртқа (жұлын), сондай-ақ аяқ пен қолды зақымдайды.
«Ісіктің бұл түрі баяу өседі, сол арқылы ұзақ уақыт бойы байқалмайды. Ол кез-келген жаста өсе береді, бірақ негізінен 40-60 жас аралығында пайда болады. 45 пайызда невринома омыртқаның кеуде тұсына шығады», – дейді аурухананың нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Константин Ли.
Тексермегенде ісік ары қарай үлкейіп, пациенттің ауруы меңдей берер еді. Уақтылы анықталған өскінді дәрігерлер микрохирургиялық әдіспен алып тастады.
«Науқасқа күрделі ота жасалды. Себебі ісікті алдымен өзге органдардан ажыратып алу қажет болды. Бірақ өскінді алу барысында басқа ағзаларды зақымдап алу қаупі жоғары еді. Бірақ нейрохирургтер қиын отаны зергерге тән шеберлікпен жасап шықты» – дейді Константин Ли.
Бүгінде жағдайы едәуір жақсарған пациенттің аурухана қызметкерлеріне айтар алғысы шексіз. Қазір ол ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.
Тәжірибеге сүйенсек, мұндай пациенттер қалыпты өмірге қайта оралады. Невринома алып тастағаннан екінші рет шықпайды. Ең бастысы отадан кейін күтініп жүру қажет, дейді маман.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...