Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Қызылша жұқтырған 15 сәби жансақтау бөліміне түсті – Ажар Ғиният

Танымал

Ел аузында

Бүгінде Қазақстанда қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөліміне түсті. Оның 15-і – сәби. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айутынша, қазір елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан аса төсек орын ашылған.

«Стационарлық емделуге 2375 бала жатқызылды, төсек орны 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында 92 пайыз, Алматы қаласында 88 пайыз, Түркістан облысында 81 пайыз, Шымкент қаласында 79 пайыз, жоғары екені байқалады», – деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Ол сәбилер де ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеді.

«30 бала реанимация бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында», – деді министр.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлемде қызылша ауруы өршіп тұрғанын айтқаны хабарланды.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...