Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Қытаймен арадағы визасыз режим: Нарынқолда туристер үшін өткізу пункті ашылмақ

Танымал

Ел аузында

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытаймен арадағы визасыз режим аясында Нарынқол ауданында шетелдік туристер үшін өткізу пунктін ашу жоспарда барын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Биыл жарты жылдықта өңірде ішкі туристер саны 13 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамға жетті. Шетелдік туристер 12 есеге өсіп, 74 мың келуші болды. Нарынқол ауданында Қытайдан (келетін – еск.) туристерге арналған жаяу өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр», – деді Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Алматы облысы әкімдігі мәліметінше, атқарылған іс-шаралар өңірге келетін туристер санын 1,2 миллион адамнан 2 миллион адамға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев аш күйде табылған 6 жасар баланың қазіргі жағдайын айтқаны хабарланды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...