Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

«Өте сирек кездеседі». Дәрігерлер туа бітті дертке шалдыққан бір жасар балаға көмектесті

Танымал

Ел аузында

Сирек кездесетін дертке шалдыққан бір жасар балаға ота жасалды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, бір жасар қыздың анасы Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтарына жүгінген.

Аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, диагнозды тексеру үшін қуыққа ультрадыбыстық зерттеу, цистография жасалған. Зерттеу нәтижесінде балада урахустың толық емделмегені анықталыпты.

«Урахус – несепағар, ол әдетте эмбриондық кезеңде ғана болады және қуықтың жоғарғы бөлігін кіндікбаумен байланыстырады. Жатырішілік кезеңнің шамамен 5-7 айында ол бітеледі. Алайда белгілі бір жағдайларда түтік қабаттаспайды, нәтижесінде оның ауытқулары пайда болады. Бұл – жатырішілік кезеңдегі облитерация процесінің бұзылуымен байланысты өте сирек кездесетін туа біткен патология. Хирургиядағы 30 жылдан аса тәжірибемде мен осындай 3 жағдайды ғана кездестірдім», – деп түсіндірді №2 МКАД хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев.

Құрамында тәжірибелі хирургтары мен анестезиологтары бар топ 30 минут ішінде несеп шығару жолын алып тастап, баланы осы аномалиядан біржола құтқарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...