Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

30 жасыма дейін балалар үйін салғым келеді – Назым Әбілдина

Қазақстандық актриса, әнші және тележүргізуші Назым Әбілдина өз аты бірнеше балаға берілгенін айтты.

Танымал

Ел аузында

Ол сондай-ақ балалар үйін салу жоспары туралы баяндап берді.

Актриса Instagram желісінде оқырмандарымен жақын сөйлесті.

Олардың кейбіреулері актрисаға ұқсағысы келетінін жазды. Дәл солай әдемі әрі сымбатты болғысы келетінін айтты.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Назымнан да кәдесый сұрады.

«Рахмет. Маған енді қайырымдылық қорын ашу керек сияқты. Негізі бұл менің жоспарымда бар. Балалар үйін ашқым келеді. Алла жоспарымды 30 жасқа дейін ашуды бұйырсын», – деді Әбілдина.

Актрисаның айтуынша, көп ата-ана Назымға ұқсау ұқсау үшін есімін өз балаларына қойған екен. 

«Менімен бірге қанша ұрпақ өсті, бұл үлкен жауапкершілік», – деп жауап берді тележүргізуші.

Ол небәрі 7-8 жаста болған бірнеше фотосуреттерін жариялады. Осы жаста актриса теледидар бағдарламаларын жүргізген еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...