«Екпе алмаған». Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған

Танымал

Ел аузында

Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған. Бір бала бір жасқа да толмаған, ал қалғандары бір жастан беске дейінгі балалар, – деп хабарлайды «Костанайские новости» басылымы.

Балалар бұл инфекцияға қарсы екпе алмағаны атап өтілді. Үш баланың ата-анасы жеке сеніміне байланысты екпеден бас тартқан.

«Көкжөтел – Bordetella тұқымдас бактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Ауру катаральды белгілері бар пароксизмал жөтелмен сипатталады. Бұл жағдайда науқаста жүрек-қан тамырлары, тыныс алу органдары және жүйке жүйесі зақымдалады», – деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досумова.

Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін. Ең тиімді профилактикалық шара – екпе алу. Вакцинация ата-анасының рұқсатымен балаларға жүргізіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...