400 миллион теңгеден аса ақша ұрланған: Қазақфильмге қатысты тергеу басталды

Танымал

Ел аузында

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражаты ұрлануына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады.

Алдын-ала мәлімет бойынша фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған.

Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін «Қазақфильмнің» экс-президенті жемқорлық дерегіне байланысты күдікті деп танылғаны хабарланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...