Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қонаев ауруханасында МСАК үздік тәжірибелер орталығы ашылды

Танымал

Ел аузында

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында медициналық-санитариялық  алғашқы көмектің (МСАК) үздік тәжірибелер орталығы ашылды. Аталған жобаның жұмысы медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға бағытталған.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев өз сөзінде бұл орталықтың ашылуы ел денсаулығын арттырудағы батыл қадам екенін айтты.

«Алматы облысында осындай орталықтың бүгін екіншісі ашылып отыр. Енді Қонаев қаласында науқастардың әлеуметтік жағдайына да аса мән беріледі. Себебі, үздік тәжірибелер орталығының жұмысы отбасылық медицинаға негізделген. Орталықта адамдарға кешенді түрде, яғни, медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетіледі», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева қазіргі таңда алғашқы көмек көрсетудің принциптері өзгергенін атап өтті.

«Әлеуметтік, көпбейінді топтар дәрігерден дәрігерге жүгіретін елдің жүгін азайтады. Отбасылық дәрігерлер біраз уақыттан кейін әр саладағы медициналық қызметкердің орнын басады. Аурудың алдын алу бойынша көрсетілетін қызметтер саны артады. Бүгінде елімізде зорлық-зомбылыққа, буллингке ұшырап жатқан аналар, балалар көп. Сондықтан орталықтағы әлеуметтік қызметкерлердің рөлі үлкен болмақ. Қоғамда менталды түрде сау адамдар өмір сүруі де маңызды. Мамандар инфекциялық емес ауру түрлерін анықтау бойынша қайта оқытудан өтті. Бұл өз кезегінде науқастарды амбулаторлық ем қабылдауға жіберіп, жедел жәрдемді жөнсіз шақырудың алдын алады», – деді Лейла Серікбаева.

Жалпы бұл орталықта 13 жоба қолға алынған. Оның екеуі медициналық қызметкерлердің жұмысына бағытталса, қалғаны халықпен, пациенттермен жұмыс жасауға негізделген. Оның ішінде «Халық кеңесі» жобасы да бар. Аталған жоба аясында ақ халаттылар халықпен сенімді байланыс орнатып, олардың кез келген шағымымен жекелеген жұмыстар атқармақ.

«Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында қызмет көрсетуді ұйымдастыру, науқастардың учаскесін өзгерту, кадрлар санын көбейту жұмыстары қолға алынғанын көріп отырмыз. Бірте-бірте ауруханада кезек күткен елдің қарасы да азаяды», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Үздік тәжірибелер орталығы жүйесін Қазақстанға енгізген профессор, ҚР бастапқы медициналық көмек «Primary Health Care» Ұлттық Ассоциациясының президенті Төлебай Рақыпбеков Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған жобаны Еуропаның 53 еліне әлемдегі алғашқы демонстрациялық платформа ретінде ұсынғанын айтты. Еліміз бойынша ең алғашқы орталық Еңбекшіқазақ ауданында ашылса, келесі кезекте Кеген ауданында ашылады деп жоспарланған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...