Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Павлодардағы бас шыршаның бағасы құзырлы орындардың назарын аудартып отыр

Танымал

Ел аузында

52 миллион теңгеге шырша сатып алған Павлодар қаласы әкімдігі тағы да шудың астында қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл жергілікті билік он жылдан артық уақыт пайдаланып келген Павлодардың бас шыршасын ауыстырып, орнына биіктігі 30 метр болатын жаңа шырша орнатып жатыр. Алайда, оның бағасы әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында түрлі пікір тудыруда. Ал, Павлодар қаласының әкімі жұмсалған қаражаттың қаншалықты лайықты екенін дәлелдеп, жазба қалдырды.

«Павлодар жаңа жыл қарсаңында безендірілуде. Жарық иллиюминациялар мен қысқы сырғанақтарды орнату басталды. Ал, орталық алаңда бас шыршаны құруға кірісті. Биыл жаңа жылдың басты белгісін жаңарттық. Сәукелені еске түсіретін 30 метрлік шырша, ұлттық өрнегі бар жарықтандыру элементтерімен, 130 қар түйіршіктерімен, 3000 шамнан тұратын мерекелік гирляндтарымен және 534 метрлік неон жолағымен безендіріледі», – дейді Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков.

Шенділер бұрынғы шыршаның ескіргенін айтып, оны Ж.Аймауытов атындағы қазақ театры алдындағы алаңға орнатып қойдық дейді. Бұдан бөлек, мұз қалашық салуға тағы 53 миллион теңге бөліпті.

Еске салайық, 2013 жылды қарсы аларда Павлодар қаласының әкімдігі 38 миллион теңгеге шырша сатып алып шулатқан еді. Кейін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган тексеріп, соңында сол кездегі қала әкімі Оразгелді Қайыргелдинов орнынан кетіп тынған. Антикор бұл жолы да «қаржының қаншалықты мақсатты жұмсалғанына тексеру жүргіземіз» дейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...