Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Алматы іргесіндегі Гүлдала ауылында газ жарылды: тағы бір адам көз жұмды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысы Гүлдала ауылында газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматыды көпсалалы клиникалық аурухана қызметкерлері растады.Бұған дейін денесінің 95 пайызын күйік шалған 32 жастағы ер адамның өлімі туралы хабарланған болатын.

«Ауыр жарақаттардың салдарынан кеше таңертең 1991 жылы туған науқас қайтыс болды, ал 2003 жылы туған әйел түнде есін жимай қайтыс болды, 3-4 дәрежелі күйік алған», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 желтоқсанда Алматы іргесіндегі Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға Байтұрсынов көшесі, 67-үйде сағат 06:15-те және Сүйінбай көшесі, 34-үйде сағат 08:20-да болған. 

Жарылыс салдарынан төрт адамның жарақат алғаны хабарланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...