Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

«Астанаға келгенда пәтердің ақшасын төлей алмай қалған». Белгілі кәсіпкер айтыскер Айшолпан Тілеутайға пәтер сыйлады

Танымал

Ел аузында

Айтыскер ақын, актриса Айшолпан Тілеутай баспаналы болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл тосынсый болған. Белгілі кәсіпкер оған осындай сый жасаған.

«Жаяу жүрсем ақын деп құрметтеп, астыма ат мінгізетін жанашыр халқым бар. Қарным ашса дәм ұсынып, жығылсам көтеретін, біреу тиіссе қорған болатын ол тағы да Қазақ елі. Бүгін де Алланың қалауымен, Дәулет ағам себепкер болып, Матулла ағам Астанадан баспана сыйлады! Қуанышымда шек жоқ! Ақын деп ардақтап, қарындас деп қамқор бола білетін ағалардың баршасына алғыс білдірем! Құрметтілерім! Бұйырса күзде қоныс той! Құттықтау басталып кетті! Осындай елдің қызы болу бақыт қой! Әкешім-анашым сіздерді Астанаға көшіріп алып келемін бұйырса», – деп жазды ол.

Депутат Дәулет Мұқаев та Айшолпанның қуанышына ортақтасты.

«Айшолпанды білемін. Тіпті Астанаға келген кезде пәтердің ақшасын төлей алмай қалған күндері болған. Қонақүйдің ақшасын төлей алмай қалған сәттері болған. Қиыншылықтың бәрі артта қалсын. Бір қазақ баспаналы болса қуанайық», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...